Бизнеске несие беру процесі цифрландырылады — Үкімет отырысы

АСТАНА. KAZINFORM — Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында «Бәйтерек» холдингінің функциясы кеңейетінін айтты.

Екінші деңгейлі банктер дихандарға жеңілдетілген несие беретін болады
Фото: АШМ

— Басым секторларда инвестициялық жобаларды белсенді іске асыру экономикалық өсімнің негізгі факторларының бірі болып қала береді. Екінші деңгейдегі банктердің капиталын нақты секторды несиелендіруге тарту отандық экономиканы дамытуға айтарлықтай серпін береді.
Бірлесе отырып, қосымша тиімді қаржы құралдарын әзірлеу, бизнеске несие беру процесін оңайлату және цифрландыру қажет болады. Әкімшілік кедергілерді азайту және инвесторлармен жұмыстың икемділігін арттыру корпоративтік несиелендіру үлесін ұлғайтуға мүмкіндік береді, — деді Үкімет басшысы.

Олжас Бектенов «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің функциясы кеңейетінін айтты.

— Даму институты ретінде «Бәйтерек» холдингі тек жобалардың операторы ғана емес, нарық сұраныстарын қалыптастыруға және бірлескен кәсіпорындар құруға қабілетті жаңа өсу бағыттарының бастамашысы болуы тиіс. Kazakh Invest мемлекеттік органдар мен даму институттарының барлық жобаларға қолдау көрсету бағытындағы жұмысын тиімді үйлестіру керек, — деді Премьер-министр.

Айта кету керек, бүгін Үкіметтің, Ұлттық Банктің және Қаржы нарығын реттеу агенттігінің макроэкономикалық тұрақтандыру және халықтың әл-ауқатын арттыру жөніндегі 3 жылдық бірлескен іс-қимыл бағдарламасы таныстырылды

Осыған дейін ірі қорлар Қазақстанның бағалы қағаздарына 800 млн доллар инвестиция құйғаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар