«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 11,1 миллиард теңгені құрайтын 32 кредитке кепіл беру мақұлданды

АНА. 9 ақпан. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 11,1 миллиард теңгені құрайтын 32 кредитке кепіл беру мақұлданды.
None
None

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП жанындағы Мемлекеттік қаражаттың пайдаланылуын бақылау жөніндегі комиссияның отырысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Марат Құсайынов мәлім етті.

Сонымен қатар оның айтуына қарағанда, кредиттерге кепіл беруде жобалардың басым бөлігі Ақтөбе облысында мақұлданған. Атап айтқанда, аталған облыста несие құны 1,8 миллиард теңгені құрайтын 7 жоба бойынша оң шешім қабылданған.

«Тағы бір бағыт бойынша мыңнан астам кәсіпорынға сервистік қолдау көрсетілді», - деді вице-министр.

М.Құсайыновтың айтуынша, бизнесті жүргізуде сервистік қолдау көрсету бойынша түрлі қызметтерді жергілікті әкімдіктер ұсынған.

Алқалы жиынның қорытындысы бойынша проблемаларды шешу және айқындалған кемшіліктерді жою бойынша мемлекеттік және басқа да мүдделі органдардың атынан ұсыныстар әзірленіп, қабылданды.

Соңғы жаңалықтар