15:15, 04 Қазан 2012 | GMT +5
«Бизнестің жол картасы» бағдарламасының аясында ақтөбелік кәсіпкерлер көлік сатып алу үшін несие алуда
АҚТӨБЕ. 4 қазан. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде өткен өңірлік үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға жергілікті кәсіпкерлердің 6 өтініші және инфрақұрылымды өткізу үшін 4 өтініш қарастырылып, мақұлданды.

Ақтөбе облысы бойынша «Даму» КДҚ» АҚ филиалының бас менеджері Берік Нұрғалиевтің сөзіне қарағанда, «БЖК» бағдарламасы бойынша мақұлданған жобалардың басым бөлігі көліктер мен арнайы техникаларды сатып алуға байланысты.
Осылайша өңірлік үйлестіру кеңесінің соңғы отырысында мақұлданған 6 өтініштің 3-уі көліктер мен арнайы техникаларды сатып алуға бағытталған - атап айтқанда, «Асыл Oil» ЖШС 150 млн. теңгеге, «Рокос логистикс» ЖШС 486,3 млн. теңгеге 20 тягач пен 10 жартылай тіркеме, «Алдабергенова А.Н.» ЖК КамАЗ алуға ұйғарды.
Жобалардың бірі экспортты субсидиялауға байланысты болып отыр.