БҚО әкімінің есебі теннис орталығында өтіп, тікелей эфирден көрсетіледі

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың тұрғындармен есептік кездесуі 24 ақпан күні Оралдағы теннис орталығы залында өтіп, «Қазақстан - Орал» телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.
None
None

БҚО әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Елбасының 2016 жылғы 5 ақпандағы «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының тұрғындармен есептік кездесулерін өткізу туралы» №190 Жарлығын орындау мақсатында өтетін есептік кездесу алдында тұрғындар өз ұсыныстарын, ескертпе-пікірлерін Орал қаласы мен облыс аудандарында орнатылған жәшіктер, сондай-ақ [email protected] электронды поштасы және облыстық «Орал өңірі» мен «Приуралье» газеттері редакциялары арқылы жолдай алады.

«Өңір басшысының кездесуі теннис орталығында ұйымдастырылуы ондағы спортшылардың оқу-жаттығу үдерісіне әсер етпейді. Сондай-ақ тұрғындарға қолайлы болуы үшін сол күні түсқайта №22 және №5 автобустар бағытын өзгерту ойластырылуда. Теннис орталығының залы 2300 адамға есептелгендіктен, оған әкімнің есептік жиынына келемін деушілер толық сыяды. Оған қоса кездесуді «Қазақстан - Орал» телеарнасынан «ОТАУ ТВ» арқылы Қазақстанның кез келген жерінен көруге мүмкіндік беріледі. Облыс әкімінің сайты тікелей байланыста жұмыс жасайды. Сондықтан облыс аудандарынан да тұрғындар хабарласып, сауалдарын қоя алады», деді облыс әкімінің баспасөз хатшысы Қайрат Әбуов.

Айта кетейік, облыс әкімінің өткен жылғы есептік кездесуі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы ғимаратының залында өткен болатын. Оған қатысқан тұрғындардың бірі кездесуге келгендердің бірқатары залға сыймай қалғандығын мәлімдеген еді. Осыған орай Нұрлан Ноғаев келесі кездесуді стадионда өткізуге әзір екендігін айтқан-ды.

Соңғы жаңалықтар