БҚО-да 1 мыңнан астам іс бойынша алимент берешегі өтелмей отыр
ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында өткен жылы алимент өндіру бойынша жеке сот орындаушылары өндірісінде 13 608 (2024 жылы — 14 276) атқару құжаты болды.
БҚО әділет департаментінің басшысы Әлия Тасыбаеваның өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлім еткеніндей, соның ішінде жалпы сомасы 680 млн 108,532 мың теңге болатын 1 521 (2024 жылы — 1 597) атқару құжаты күрделі күйінде қалып отыр.
Оның сөзіне қарағанда, алимент бойынша берешегі бар борышкерлерге қатысты 854 (375) қаулы шығарылған.
— Берешек мүлдем өтелмейтін істер саны — 1 087 (алдыңғы жылы 1 597 болған). Ал 154 іс (169) бойынша берешек ішінара өтеледі. Алимент бойынша берешектің өсуінің басты себептерінің бірі — борышкерлердің әлеуметтік жағдайының төмендігі. Олардың көбінің тұрақты табысы немесе ресми жұмыс орны жоқ, — деді Әлия Тасыбаева.
Департамент деректеріне қарағанда, өткен жылы 19 бос орындар жәрмеңкесі өткізіліп, қорытындысы бойынша 485 борышкер жұмысқа орналастырылған.
Алимент бойынша 256 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жетеуі ҚК 139-бабына сәйкес сотталды. Берешекті өтеу үшін 510 млн теңге өндірілді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын алимент төлемеген БҚО тұрғыны сотталғанын жазған болатынбыз.