БҚО-да 1000 шақырымнан астам жол жөнделді

ОРАЛ. KAZINFORM — 2025 жылы тағы 200 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

жол құрылысы
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, соңғы жылдары елімізде, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында жол-көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Бұл — өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен тұрғындардың өмір сүру сапасын арттырудағы маңызды қадам. Атап айтқанда, 2023-2024 жылдары аралығында облыс бойынша 1 032 шақырым жол жөнделіп, халықтың игілігіне берілді. 2023 жылы — 562 км, 2024 жылы — 470 км жол жөндеу және құрылыс жұмыстары аяқталды.

жол құрылысы
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Мемлекет басшысының 2019 жылғы тікелей тапсырмасымен басталған Казталов, Бөкей ордасы және Жәнібек аудандарын облыс орталығымен байланыстыратын 245 шақырымдық жол құрылысы 2024 жылы толығымен тәмамдалды. 2019-2022 жылдары — 125 км, 2023 жылы — 104 км және 2024 жылы — соңғы 16 км жол құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Әсіресе, облыс орталығынан 500 шақырым қашықтықта орналасқан Жәнібек ауданы үшін бұл — тарихи оқиға. Жол қатынасының жақсаруы аудан тұрғындарының өмір сапасын арттырып, жедел жәрдем, мектеп, бизнес және басқа да қызметтердің қолжетімділігін едәуір жеңілдетті.

жол құрылысы
Фото: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

— Биылғы жылы да бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр. 2025 жылы тағы 200 шақырымнан астам жолды жөндеу жоспарланып отыр. Жол салу — жай ғана инфрақұрылым емес, бұл — қауіпсіздік, жайлылық және болашаққа жол ашу. Бұл жұмыстар арқылы облыс ішіндегі көлік қозғалысы жақсарып, ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдау жеңілдейді, өңірлік экономиканың дамуына серпін береді, — деп атап өтті облыс әкімдігі.

Бұған дейін БҚО-да құны 53 млн теңге тұратын 10 тұрғын үй мемлекеттік меншікке тіркелмегені анықталды.

Соңғы жаңалықтар