22:32, 23 Тамыз 2020 | GMT +5
БҚО-да 19 жастағы жігіт селфи жасаймын деп суға кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 19 жастағы жігіт селфи жасаймын деп суға кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, қайғылы оқиға 23 тамыз күні Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылында болған.
Сағат 16.30-да 2001 жылғы тұрғын Мұратсай су қоймасында тізесінен келетін суда киімшең тұрып, селфи жасаған. Алайда абайламай, су астындағы тереңдігі 2-3 метр шұңқырға құлап, батып кеткен.
Марқұмның денесін сағат 17.00-де жергілікті тұрғын шығарып алды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 4 жасар баланың құдыққа құлап кетіп, мерт болғанын жазған едік.