БҚО-да 225 мыңға жуық адам коронавирусқа қарсы екпе салдырды

БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткендей, бұл – егілуге тиісті тұрғындардың 62,3 пайызы.
Соның ішінде 201 746-сы (56 пайыз) екінші компонентті қабылдады.
Өткен тәулікте 586 адам бірінші компонентті салдырды. Соның ішінде 57-сі – созылмалы сырқаты бар адамдар, 10-ы – студент, 8-і – педагог.
Басқарма мәліметіне қарағанда, пандемия басталғаннан бері 37 810 науқас тіркелді. Жыл басынан бері сырқаттанған 28 589 адамның 19 766-сында ауру белгілері болды.
Биыл 2667 баладан індет анықталса, 2589-ы жазылып шықты. 78-і емделу үстінде.
Қазіргі таңда 959 адам амбулаториялық ем алуда. Облыс стационарларында 316 науқас жатса, соның 27-сі ауыр халде. Үшеуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 1 мыңға жуық науқастың коронавирустан үйінде емделіп жатқанын жазған болатынбыз.