БҚО-да ауа райының бұзылатыны жөнінде тағы да ескерту жарияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында ауа райының бұзылатыны жөнінде тағы да ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО-да ауа райының бұзылатыны жөнінде тағы да ескерту жарияланды

«Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 21 желтоқсанда өңірдің кей жерлерінде күн жауын-шашынды болады.

Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал.

Орал қаласында да тұман мен көктайғақ болады.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялап, тұрғындарға абай болу жөнінде хабарламалар таратуда.

Облыста бірнеше күннен бері ауа райы құбылып тұр.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын өңірде қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болатынын, сондай-ақ мал бағып жүріп, жоғалып кеткен бақташының табылғанын жазған болатынбыз.