БҚО-да бес бүлдіршін қаза болған өрттің алдын ала себебі аталды

АСТАНА. KAZINFORM — Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Батыс Қазақстан облысында бес баланың өмірін қиған қайғылы өрттің болжамды себебін атады. 

Балалар отпен ойнауы мүмкін: БҚО-да бес бүлдіршін қаза болған өрттің алдын ала себебі аталды
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

Вице-министрдің айтуынша, балалардың отпен ойнауынан өрт шығуы мүмкін.

— Балалар ойнап жүріп, қандай да бір қауіпсіздік ережелерін бұзған болуы ықтимал. Қазір нақты себебін анықтау үшін сараптама жүргізіліп жатыр. Бұл отбасы бұрыннан-ақ әкімдік есебінде тұрған, ондай отбасылар туралы барлық мәлімет біздің ведомствоға да беріледі. Біздің журналдарда олардың үйінде қыркүйек айында профилактикалық жұмыс жүргізілгені тіркелген. Алайда шамамен бір жарым ай бұрын олар басқа пәтерге көшіп кеткен, — деді Кеген Тұрсынбаев Сенат кулуарында.

Еске салсақ, 4 маусым күні Батыс Қазақстанда өрттен бір отбасынан бес бала көз жұмды.

Оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Соңғы жаңалықтар