БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды

ОРАЛ. KAZINFORM — Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы Қазталов, Тасқала, Ақжайық және Теректі аудандарында 18 адамды құтқарды. Оның үшеуі бала. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

БҚО-да қар құрсауынан 18 адам құтқарылды
Фото: Видеодан скрин

Құтқарылғандарға медициналық көмек қажет болмады. Зардап шеккендер жоқ.

Қазіргі уақытта облыс аумағында республикалық маңызы бар автокөлік жолдарының бір учаскесінде жүк автокөліктері мен автобустардың қозғалысына шектеу енгізіліп, облыстық маңызы бар автокөлік жолдарының үш учаскесі жабық.

Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райы нашарлаған кезде елді мекендерден тыс жерлерге шықпауға және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Айта кетейік, 2025 жылы санитариялық авиация мыңдаған адамды құтқарып қалды.

Соңғы жаңалықтар