20:19, 11 Ақпан 2013 | GMT +5
БҚО-да «Қауіпсіз белдік» шарасы барысында 816 хаттама толтырылды
ОРАЛ. 11 ақпан. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Жол полициясы комитеті 7-9 ақпан күндері «Қауіпсіз белдік» республикалық шарасын өткізді.

Үш күн ішінде Батыс Қазақстан облысында жол-көлік оқиғаларынан зардап шегушілер болған жоқ. Ал жол ережелерін бұзғандар үшін 816 хаттама толтырылған. Соның ішінде 292 жүргізуші белдік тақпаған. Көлік жүргізіп келе жатып, ұялы телефонмен сөйлескен 50 адам да жол полициясы қызметкерлерінің назарынан тыс қалған жоқ. 48 жүргізуші жылдамдықты арттырса, 23-і жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Сегіз адам автокөлікті құжатсыз айдаған. Жол ережесін бұзғандардың ішінде 82 жаяу жүргінші де бар.