13:44, 06 Ақпан 2017 | GMT +5
БҚО-да өрт сөндірушілер екі адамды құтқарды
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 5 ақпан күні сағат 04.58-де БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінің №8 бөліміне Ақсай қаласында Трудовая көшесі 81-үйдің төбесі жанып жатқаны жөнінде хабар түскен, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметінен түскен мәліметке қарағанда, өрт туралы көршілер хабарлаған. Өрт сөндіруге 2 техника, 5 адам қатыстырылды. Оқиға орнын барлау кезінде үйде ұйықтап жатқан 1991 және 1994 жылғы азаматтар табылып, құтқарылды. Өрт сағат 08.25-те толықтай сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрт аумағы 70 шаршы метрді қамтыды.
Соңғы күндері өңірде бірнеше өрт оқиғалары орын алды. Қазіргі кезде олардың себеп-салдары, келтірілген шығын, кінәлі адамдар анықталуда.
Айта кетейік, облыста жыл басынан бері 58 өрт, 23 жану оқиғасы тіркелді.