БҚО-да ресейлік жүргізушінің қатысуымен жол апаты болып, екі адам қаза тапты

ОРАЛ. 5 қараша. ҚазАқпарат - 4 қараша күні Орал-Атырау күре жолының 105-шақырымында, Бударин ауылының тұсында Орынбор облысының 30 жасар жүргізушісі айдаған «Лада» автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Жаңақала ауданының 31 жасар тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ВАЗ» автокөлігімен түйісті.
None
None
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, жол апатының салдарынан «ВАЗ»-дың жүргізушісі мен 59 жасар жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, 1997 жылғы жасөспірім ауыр жарақатпен Чапаев ауылындағы аудандық орталық ауруханаға жеткізілді. Басынан, бетінен жарақат алған «Ладаның» жүргізушісі де сол ауруханаға жатқызылған. Қазіргі кезде Ақжайық аудандық ішкі істер бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.
Соңғы жаңалықтар