18:41, 13 Тамыз 2024 | GMT +5
БҚО-да табиғатты қорғау прокурорына қатысты қызметтік тексеру жүргізіліп жатыр
ОРАЛ. KAZINFORM – БҚО табиғатты қорғау прокурорының мас күйінде жүргені туралы әлеуметтік желіде бейнежазба тарады.

Қоғам белсендісі Айболат Бөкеновтің Facebok желісіндегі парақшасында жазбасына қарағанда, аталған прокурор өз-өзіне ие бола алмай қалған.
Бейнежазбада ер адамның көпқабатты үйдің артында шайқалақтап, әрең тұрғаны көрінеді.
БҚО прокуратурасы осы жарияланымға байланысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын жеткізді. Оның нәтижесі кейін хабарланады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да әдеп кодексі талаптарын бұзған прокуратура қызметкерінің жауапкершілікке тартылғанын жазған болатынбыз.