БҚО-да төбелесте ауыр жарақат алған ер адам ауруханада көз жұмды
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында болды.
25 наурыз күні шамамен сағат 23.00-де 45 жастағы Н. мен 1992 жылғы М-ның арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.
26 наурыз күні сағат 08.30 шамасында Н. ағасының тұрғын үйінің жазғы сарайының ішінде ес-түссіз жатқан жерінен табылып, жедел жәрдеммен Ақжайық аудандық ауруханасына жеткізілді. 27 наурыз күні сағат 05.46-да ер адамның алған дене жарақаттары салдарынан қайтыс болғаны жөнінде хабар түсті.
«Аталған дерек бойынша М-ға қатысты ҚР ҚК 106-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалған болатын. Қазіргі уақытта жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты іс ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес қайта дәрежеленіп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның бесінші қабаттан құлап кеткенін жазған болатынбыз.