БҚО-да үш адам қаза тапқан жол апаты: дәрігерлер науқастардың жағдайы туралы айтты

ОРАЛ. KAZINFORM – Батыс Қазақстан облысында Самара-Шымкент күре жолы бойында болған жол-көлік оқиғасынан 7 адам зардап шекті.

БҚО-да үш адам қаза тапқан жол апаты: дәрігерлер науқастардың жағдайы туралы айтты
Фото: Pixabay.com

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олардың үшеуі оқиға орнында қаза тапты.

Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, зардап шеккендерге Шыңғырлау ауданы Алмаз ауылы медициналық пунктінің фельдшері мен Сырым аудандық ауруханасының хирургі алғашқы көмек көрсеткен.

— Ауруханаға жеткізілген төрт адамның екеуі Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жіберілді. Сырым аудандық ауруханасында жатқан біреуінің жағдайына байланысты санитарлық авиация шақыртылды. Қалған бір науқас үйінен амбулаторлық ем алатын болады, — деп хабарлады ведомстводан. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан үш адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар