БҚО-да үш сәбидің өліміне байланысты тергеу амалдары жүргізілуде

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында үш сәбидің өліміне қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.
None
None

БҚО ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 7 желтоқсанда ауруханаға басынан жарақат алған ай жарымдық ер бала түсіп, бір күннен кейін қайтыс болған. Оның анасы, Зеленов ауданы аумағындағы «Ведрух» экотұрағының тұрғыны баласын қолынан түсіріп алған. Осыған байланысты байқаусызда өлімге соқтыру жағдайы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сол күні Орал қаласының «Солтүстік-Шығыс» шағынауданында көп қабатты үйдің жанынан жаңа туылған сәбидің мүрдесі табылды. Тергеу барысында анықталғанындай, сонда пәтер жалдап тұратын 19 жасар бикеш шала туған нәрестесін пакетке орап, терезеден лақтырып жіберген.

Сондай-ақ ҚР ҚК 97-бабы бойынша өз сәбиін өлімге қиған Деркөл шағынауданының тұрғынына да қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ол өткен аптада босанған. Нәрестенің денесі үй сыртындағы даладан табылған.

Соңғы жаңалықтар