БҚО-да жоғалып кеткен жылқы үйірі Ресей аумағынан табылды

ОРАЛ. 8 қараша. ҚазАқпарат - 2 қараша күні Тасқала ауданы 2-Шежін ауылы тұрғынының далада жайылып жүрген 85 жылқысы жоғалған.
None
None
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, мал иесі әуелі өзі іздеп, таба алмағаннан кейін 6 қараша күні жылқының жоғалғаны жөнінде Тасқала аудандық ішкі істер бөліміне хабар берген. Сол бойда криминалдық полиция бөлімінің бастығы, аға лейтенант Аман Жұманиязов және жедел уәкіл, лейтенант Нұрболат Тағаевтың басшылығымен шұғыл топ құрылған. Полиция қызметкерлері арыз берушімен бірге көршілес Қазталов ауданының жақын аумағын аралап шыққан. 7 қараша күні түс ауа Саратов облысы Александров Гай ауылы мен Қазталов ауданы Құрман қыстағы арасында жылқы үйірі табылған. Мал иесі оны танып, кері айдап келді. Аталған мал иесінің жылқысы бірінші рет жоғалып отырған жоқ. Өткен жылы үш күн іздегеннен кейін Оян мен Алғабас ауылдарының арасынан шыққан еді. Мұның себебі малдың иесіз, өз бетімен жайылуында.
Соңғы жаңалықтар