БҚО-да жол қауіпсіздігі апталығы өтуде

ОРАЛ. 15 қараша. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 11-17 қараша айлығында жол қауіпсіздігі апталығы өтуде.
None
None
БҚО ІІД әкімшілік полициясы басқармасының аға инспекторы, полиция подполковнигі Нұртай Лезовтің айтуынша, осыған орай түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Айталық, бүгін Орал қаласындағы №22 орта мектептің жас жол қозғалысы инспекторлары көшеге шығып, «Жүргізуші, менің өмірімді сақта» деген тақырыпта хаттар таратты. Сондай-ақ бүгін жаяу жүргіншілер қауіпсіздігіне арналған шара да өткізілді. Базарлар, ірі сауда орталықтары, басқа да халық көп жиналатын жерлерде инспекторлар түсінік жұмыстарын жүргізіп, күнтізбе, жадынамаларды үлестірді. Осының бәрі өңірде азаймай отырған жол-көлік оқиғаларының алдын алу бағытында жасалуда.
Соңғы жаңалықтар