БҚО ішкі істер органдарында бірқатар кадрлық өзгертулер жасалды

БҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлағанындай, осыған дейін Теректі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы қызметін атқарып келген полиция полковнигі Рафхат Өтемісов Жаңақала ауданына дәл осындай қызметке тағайындалды. Полиция подполковнигі Абай Алдабергенов Тайпақ полиция бөлімінен Бөкей ордасы аудандық ішкі істер бөліміне бастық болып ауыстырылды. Тағы бір полиция подполковнигі, осы кезге дейін Қазталов аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары болған Бекбол Өртаев осы бөлімнің бастығы қызметіне кірісті. Полиция полковнигі Ербол Сидағалиев ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы бастығының орынбасарлығынан Зеленов аудандық ішкі істер бөлімін басқаруға жіберілді. Орал қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған полиция подполковнигі Арман Мұхамедьяров Бөрлі аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы болып ауысты. Ақжайық аудандық ішкі істер бөліміне қарасты Тайпақ полиция бөліміне бұрын осында бастықтың орынбасары болған полиция подполковнигі Тимур Ниязғалиев жетекшілік етеді.