БҚО: Қазақстан мен Ресей шекарасында 365 жүк көлігі тұрып қалды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан мен Ресей шекарасында ресейлік «Маштаков» автомобиль өткізу бекетінде бүгін 365 жүк көлігі тұрып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

БҚО мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, Қазақстан аумағындағы «Сырым» кеден бекетінде кезек жоқ.

Автокөлік кептелісі ресейлік «Маштаков» автомобиль өткізу бекетінде жүк көліктерін толық қараудан өткізу үшін технологиялық өтудің міндетті түрде болуы талап етіледі. Ол болмаған жағдайда РФ Шекара қызметі жүргізушіден тіркемеден жүктің бір бөлігін түсіруді талап етеді. Осылайша әр жүк көлігін қарау үшін орта есеппен 40 минут уақыт кетеді.

Сонымен қатар Ресей Шекара қызметі жүк құралының сақтандыру полисі, жүргізушінің карточкасы, сертификаттар сынды құжаттарды тексереді.

«Сырым» және «Маштаков» бекеттерінен кедергісіз өту үшін технологиялық өту жабдығы шарттарын сақтау қажеттігіне жүк көліктері жүргізушілерінің назарын аударғымыз келеді. Сонымен қатар көлік кептелісі болмас үшін халықаралық жүк тасымалдаушыларға қатысты талаптар сақталып, автомобиль мен жүкке тиісті құжаттар болуы тиіс. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар жолға шығар алдында Ресеймен шекарадағы қозғалыс бағытын нақтылап алғаны жөн», деді БҚО мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмыстары жөніндегі бөлімінің басшысы Айман Қуанова.

Қазақстан мен Ресей шекарасында осындай көлік кептелісі бұдан бұрын да орын алған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО тұрғынының жедел жәрдем көлігін ұрлап мініп, қоршауға соғылғанын жазған едік.




Соңғы жаңалықтар