17:50, 27 Қыркүйек 2023 | GMT +5
Бұрын сотталған БҚО тұрғыны террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратқан
2023 жылғы 27 қыркүйекте Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері прокуратураның үйлестіруімен және полицияның көмегімен Батыс Қазақстан облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол әлеуметтік желілерде халықаралық террористік ұйымдардың үгіт-насихат материалдарын таратты деп күдіктелуде.
Ұсталған адам бұрын террористік әрекеті үшін сотталған болатын.
Тергеу іс-қимылдары барысында оның тұрғылықты жері бойынша діни әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдер тәркіленді.
Аталған адамға қатысты Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етуге жатпайды.