Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды

Nobel Fest фестивалі аясында Қазақстанда алғаш рет Педагогтар саммиті өтіп жатыр, оған қатысу үшін әлемнің үздік мұғалімдері мен білім беру саласының көшбасшылары елордаға жиналды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

педагогтар
Фото: Mazmun media

Хэдлайнерлер арасында 2021 жылғы Global Teacher Prize сыйлығының жеңімпазы Кейшиа Торп, Innovative Researcher of the Year сыйлығының иегері Ранжит Дисале, Израильдегі Вейцман институтының жаратылыстану ғылымдарын оқыту департаментінің басшысы, профессор Абрахам Аркави, «Білім беру бағдарламаларындағы халықаралық көшбасшылар» бағдарламасының қатысушысы (ILEP) Эванс Одэй және басқа да әлемдік педагогика жұлдыздары бар.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

«Менің анам мұғалім, педагог, ол әртүрлі мектептерде жұмыс істеген, сондықтан сіздердің жұмыстарыңызды түсінемін. Мен сіздердің елдің элитасы екендеріңізді бағалаймын және шын жүректен сенемін. Айтайын дегенім, біз Қазақстанда мұғалімдерге арналған «арал» іспетті жоба жасағымыз келеді. Әр жазда 10 күн немесе бір апта ұстаздарды әлемнің үздік оқытушыларымен бірге еліміздің шипажайына жинап, тренингтер өткізіп, білім алмастырғымыз келеді. Содан кейін жаттықтырушы болып, өз қалалары мен ауылдарында білімдерін жеткізеді. Міне, бұл басқосуды өткізіп жатқан себебіміз осы», - деді Nobel Fest негізін қалаушысы және атқарушы директоры Мақсат Құрбенов саммиттің ашылу салтанатында.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

Бұл жиынға Қазақстанның барлық өңірінен 2500-ге жуық педагог жиналды. Оларды ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева құттықтады.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

«Сіздер өңірлерге, туған жерлеріңізге барып, басқаша ойлайтын жаңа формация мұғалімдерінің үлкен сыни массасын құрасыздар. Мұнда мәдениеттер, тілдер және педагогикалық тәсілдердің барлығы қамтылады. Ең бастысы, бұл ынтымақтастықта ең алдымен өз шәкірттерімен бірге сыныпта өзін-өзі жетілдіретін, сол үшін көптеген елді, жерді аралап, озық педагогикалық тәжірибелерді жинақтайтын мұғалім қалыптасады», - деді министрлік өкілі.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

Әлемдік Global Teacher Prize байқауының 2020 жылғы жеңімпазы Ранжит Дисале – саммитке келген маңызды қонақтардың бірі. Ол білім берудің жай ғана кедергілерді жеңу ғана емес, мүмкіндіктерді теңестіру екенін атап өтті.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

«Білім беру туралы айтқанда ең алдымен үміт туралы айтамыз. Жарқын болашаққа үміт, тең әлемге қол жеткізуге, неғұрлым толыққанды адам ретінде осы әлемді жақсартуға талпынуға үміт деуге болады. Сіздер осы үмітті жүзеге асырасыздар және оқушыларыңыздың армандарын орындаушысыздар. Білім беру – тек қана оқулықтармен, оқу орындарымен шектелмейді, білім беру – көбінесе эмпатия және білімге құштарлық, сыни тұрғыда ойлау, креативтілікті дамыту, әр оқушыға әлемде өз орнын табуға көмектесу. Қазіргі кезде біз түрлі проблемалар әлемінде сонымен қатар үлкен мүмкіндіктер әлемінде өмір сүріп жатырмыз. Chat GPT сияқты жаңа технологиялар, жасанды зерделер қарыштап дамып келеді. Біз оларға бейімделуіміз керек, инновацияларды көбірек дамытуымыз керек. Сондықтан қазір білім берудің маңызы зор», - дейді Ранжит Дисале.

Әлемдік педагог қазіргі оқушылардың – ертеңгі болашақты жасаушылар екенін еске салды.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

«Осы болашақ көшбасшыларды қалай тәрбиелей аламыз? Оларға ең алдымен эмпатия, адамгершілік, жауапкершілік құндылықтарын сіңіруіміз керек. Коллаборация күшін, алуан түрлілікті түсіну, көшбасшы бола алуды үйрету өте маңызды. Сіздерге үлкен алғыс білдіргім келеді. Әлемді жақсартуға үлес қосқандарыңыз үшін, оқушылар арқылы жарқын болашаққа қадам басуға көмек көрсеткендеріңіз үшін рахмет!», - деді спикер.

Сонымен бірге, әлемдік педагогиканың жұлдызы, 2021 жылғы жаһандық мұғалімдер сыйлығының иегері, Қазақстанға озық білім беру тәжірибесімен бөлісуге келген Кейша Торп білім берудегі жаһандық теңсіздік мәселесін көтерді.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

«Әлем бойынша балалар мен жастар, ең кедей отбасылардан шыққан балалар өздерінің білім алу құқығынан айырылып жатыр. Төмен және орта кірісті елдерде 10 жастағы балалардың жартысы оқи алмайды. Ал ең бай елдерде осы бай мен кедей отбасы балалары арасында теңсіздік көрсеткіштері жоғары болып отыр. Яғни біз балаларымыздың әлеуетін толық жүзеге асыра алмай жатырмыз. Менің оқушыларым көбінесе эмигранттардың, АҚШ-қа жаңа өмір бастау үшін келгендердің балалары. Мен де Америкаға Ямайкадан келгенмен, қазір өзім сияқты балаларды оқытамын. Менің оқушыларымның өмірбаяны менің өміріме ұқсас. Сол үшін көп нәрсені басқаша жасауым керегін түсіндім. Ең бірінші өз ойлауымды өзгерту керек болды, яғни мен өзімнің оқу бағдарламамды өзгертіп, балаларға бейімдедім. Екінші – оқушылардың өздеріне, өз білімі мен әлеуетіне сенуін үйреттім. Яғни сенің өткенің сенің болашағыңа кедергі келтірмеуі керек деп айттым. Барлық оқушыларыма алдында жарқын болашақ күтіп тұрғанын түсіндірдім», - деді Кейша Торп.

Кейша Топ оқушыларға көмектесу үшін өте көп жұмыс істегенін, тек өз сыныбына емес, әлем балаларына көмектескенін айтты. Өйткені білім беру – адамның басты құқығы және барлық балалар білім алуға қол жеткізе алуы керек.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

«Мен және менің сіңлім Катриша Торп коммерциялық емес ұйым құрдық, онда төмен кірісті оқушыларға стипендия алуы үшін, колледже тегін білім алуы үшін жұмыс істедік. Барлық оқушылар мүмкіндігінше ең үздік білім алуы керек. Әсіресе, ең кедей отбасынан шыққан, қиын орталардан, осал топтардан шыққан оқушылар мүмкіндігінше ең үздік білімге қол жеткізе алуы керек. Ең үздік мүғалімдерді шақырып, өздері сапалы білімдерін барлық балаларға беруін қамтамасыз еттік. Өйткені барлық балалар соған лайық. Осы миссия аясында 2030 жылға дейін 1 млн мұғалімге біліктілігін арттыруға көмектескіміз келеді», - деді Кейша Торп.

Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media
Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media
Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media
Білім құқығы, адамгершілікке баулу, инновациялар – Әлемнің үздік мұғалімдері Астанаға жиналды
Фото: Mazmun media

Форум аясында Қазақстанда білім беру саласына ең үздік үлес қосқан үш педагог – ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева, «Білім болашағы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Шолпан Қадырова, Қадыр Мырзалиев атындағы Бином мектебінің Информатика пәнінің мұғалімі Сәуле Қадырбекова «Жаһандық білім беру азаматы» жүлдесімен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар