04:18, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
БОКС: Ақтөбеде әлем чемпионы сыйлығының турнирі өтті (ФОТО)
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Кеше Ақтөбеде әлем чемпионы, құрметті спорт шебері Галиб Джафаровтың сыйлығына бокстан халықаралық турнир аяқталды. Оған Қазақстанның 16 облысынан келген және ҚР мен Әзербайжан құрамаларының 1999-2000 жылдары туған 161 жас боксшысы қатысты.

ҚазАқпарат тілшісіне Галиб Джафаровтың жаттықтырушысы ҚР еңбегі сіңген бапкер Әлімбек Балмағамбетов айтқандай, жас спортшылардың деңгейі көтерілген. 14 салмақ дәрежесінің 12-сінде қазақстандық боксшылар жеңіске жетті. Әзербайжанның екі өкілі турнир чемпионы атанды.
Шараға елімізге еңбегі сіңген спорт шеберлері Болат Жұмаділов, Нұржан Кәрібжанов және Ердос Жаңабергенов қатысты.
Атап өту керек, турнир осымен алтыншы рет өтті. Оны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы ұйымдастырды.