Бокс: Наталья Богданова Азия чемпионатының алтынына таласады

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында ерлер және әйелдер арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында Наталья Богданова финалға өтті.

Бокс: Наталья Богданова Азия чемпионатының алтынына таласады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Н.Богданова 70 келіге дейінгі салмақта украиналық Анастасия Черноколенкоға қарсы келді.

Бірінші раундта төрешілердің бәрі басымдықты украиналық боксшыға берді. Дегенмен бұдан кейін Наталья камбэк жасап, қалған екі раундты сәтті өткізді. Қорытынды есеп – 5:0.

Тағы бір қазақстандық Милана Сафронова 66 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Навбахор Хамидовамен айқасты. Бұл жекпе-жекте төрешілер үшінші кезеңде нокдаун алғанына қарамастан, жеңісті өзбекстандыққа берді – 4:0.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Виктория Графееваның қарсыласын нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Аида Әбікеева бокстан Азия чемпионатының финалына өтті.

Соңғы жаңалықтар