Боксшы Бақыт Сейдіш әлем кубогында Олимпиада жүлдегеріне жол берді
АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық боксшы Бақыт Сейдіш Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогы финалдық кезеңіндегі өнерін аяқтады.
Бұрымды боксшымыз 70 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Ян Люға (Қытай) қарсы шықты.
ҚР ҰОК мәліметінше, үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілердің шешімімен Қытай өкілі 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Карина Ибрагимова Өзбекстанда өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінің финалына шықты.
Фарух Тоқтасынов бокстан әлем кубогының жартылай финалына шықты.