Боксшы Бейбарыс Жексен әлем чемпионатындағы дебютін жеңіспен бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық былғары қолғап шебері Бейбарыс Жексен Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді түрде жеңіске жетті.

Бейбарыс Жексен
Фото: Сали Сабиров/Қазақстан ҰОК

Бейбарыс Жексен (60 келіге дейін) алғашқы кезеңде Джунмилардо Огаиремен (Филиппин) қолғап түйістірді.

ҚР ҰОК мәліметінше, отандасымыз алғашқы раундтан-ақ басымдық танытты. Нәтижесінде, қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 5:0 есебімен жеңді.

Бибарыстың келесі қарсыласы Аустралия-Үндістан текетіресінде анықталады.

Айта кетейік, қазақстандық боксшы Надежда Рябец әлем чемпионатын аяқтады.

Виктория Графеева алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Төрехан Сабырхан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан ересектер арасындағы әлем біріншілігін жеңіспен бастады.

Соңғы жаңалықтар