Боксшы Ұлжан Сәрсенбек әлем кубогі ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық боксшы Ұлжан Сәрсенбек Делиде (Үндістан) өтіп жатқан Әлем кубогының ақтық кезеңінде қола жүлдеге ие болды.

бокс
Фото: ҚР ҰОК

Бұрымды боксшымыз 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады. ҚР ҰОК мәліметінше, Ұлжан жартылай финалда үндістандық Жасминмен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жекте үнді боксшысы жеңіске жетті.

Бұған дейін қазақстандық былғары қолғап шебері Диана Мағауияева Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі ақтық кезеңінің қола жүлдегері атанғанын жазған едік.

Даниял Сапарбай бокстан әлем кубогі кезеңінде қола медаль алды.

Санжарәлі Бегалиев Делиде (Үндістан) өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде ел құрамасының қоржынына қола жүлде салды.

Әсел Тоқтасын бокстан әлем кубогі кезеңінің жүлдегері атанды.

 

Соңғы жаңалықтар