Бокстан ӘЧ: Тағы 2 қазақстандық жас боксшы чемпион болды

АСТАНА. KAZINFORM - Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан бокстан жастар арасындағы 2024 жылғы әлем чемпионаты мәресіне жетті.

Бексұлтан Боранбек
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Жарыстың соңғы күнінде ел құрамасынан ұлдар арасында Бексұлтан Боранбек (51 келі) пен Өнер Сейілхан (71 келі) шаршы алаңға шықты.
Финалда Бексұлтан Джастин Мореноны (Колумбия) 5:0 есебімен айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атағын жеңіп алды.
Дүниежүзілік додада бұған дейін Бексұлтан Зимбабве, Молдова, Ресей, Иран боксшыларынан қапы қалдырған еді.
Сондай-ақ жеңісті жолды Өнер Сейілхан (71 келі) да жалғастырды. Ақтық сында ол ресейлік Алексей Гуковты 5:0 есебімен жеңді.

Өнер Сейілхан
Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Біріншілік барысында Өнер Беларусь (5:0), Пәкістан (5:0), Албания (5:0) және Өзбекстан (4:1) боксшыларынан басым түсті.
Айта кетсек, бұдан бұрын ел құрамасынан Төрехан Сабырхан (67 келі) мен Санжарәлі Бегалиев (75 келі) жеңіс тұғырына көтерілді.
Еске салсақ, бұдан бұрын Елянұр Тұрғанова бокстан әлем чемпионатында ел қоржынына төртінші алтынды салды.

Соңғы жаңалықтар