15:47, 05 Желтоқсан 2024 | GMT +5
Бокстан АЧ: Жазира Орақбаева бірінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді
АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жазира Орақбаева жартылай финалға шықты.

Қазақстандық боксшы ¼ финалда тайбэйлік Ютин Луомен күш сынасты.
Жазира бірінші раундта-ақ қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Бұдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.
Осылайша, жартылай финалға жолдама алған Ж.Орақбаева жүлдегерлер қатарына қосылды.
Ол кемінде қола медаль алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында бейсенбі күні Қазақстан намысын 6 спортшы қорғайтынын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Азия чемпионатында Оразбек Асылқұлов шаршы алаң иесін қапы қалдырды.
Ерасыл Жақпеков жартылай финалға өтті.