Бокстан Азия чемпионаты: Қазақстандық жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM - Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Мұхамедсабыр Базарбайұлы ширек финалдық жекпе-жегін өткізді.

бокс
Фото: әлеуметтік желіден

М.Базарбайұлы 63,5 келіге дейінгі салмақта таиландтық Сомчай Вонгсуванмен қолғап түйістірді.

Жекпе-жек барысында Мұхамедсабыр барын салғанымен, төрешілер жеңісті таилыққа берді - 1:4.

Осылайша, Қазақстан ерлер құрамасынан үшінші боксшы жарыс жолынан шығып қалды. Бұған дейін Бейбарыс Жексен мен Сәкен Бибосынов сәтсіздікке ұшыраған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырханның қарсыласын екінші рет нокаутпен ұтқанын жазған болатынбыз.

Бокстан Азия чемпионатында жарыстың жетінші күні кімдер шығатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар