Бокстан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан қарсыласын екінші рет нокаутпен жеңді

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Махмұд Сабырхан жартылай финалға жолдама алды. 

бокс
Фото: Махмұд Сабырханның желідегі парақшасынан

Әлем чемпионы Махмұд Сабырхан 54 келіге дейінгі салмақта Шри-Ланка боксшысы Джаянатх Кумарамен қолғап түйістірді.

Махмұд бірден ширақтық танытып, дәл соққыларымен қарсыласын тығырыққа тіреді – 5:0. Екінші раундта екі рет есеп ашқаннан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатты.

М.Сабырхан осы чемпионатта бірінші жекпе-жегін де мерзімінен бұрын аяқтаған еді. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында жарыстың жетінші күні кімдер шығатынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Санжар Тәшкенбайдың Тәжікстан боксшысын жеңіп, жартылай финалға өткенін, Сәкен Бибосыновтың жарыс жолынан шығып қалғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар