Бокстан Азия чемпионаты: Сәкен Бибосынов жарыс жолынан шығып қалды

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов жартылай финалға өте алмады. 

Бибосынов
Фото: ҚБФ

Екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Жалиловпен айқасты.

Қызу өткен жекпе-жектің бірінші раундында төрешілер шешімі бойынша А.Жалилов алда тұрды – 3:2. Екінші кезеңде де ештеңе өзгере қойған жоқ. Қорытындысында жеңіс өзбек боксшысының еншісінде кетті. Осылайша, Бибосынов қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында жарыстың жетінші күні кімдер шығатынын жазған болатынбыз. Сондай-ақ Санжар Тәшкенбайдың Тәжікстан боксшысын жеңіп, жартылай финалға өткенін хабарлаған едік. 

Соңғы жаңалықтар