Бокстан Азия чемпионаты: жарыстың үшінші күні рингке кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші жарыс күні Қазақстаннан екі спортшы рингке шығады.

Бокс
Фото: Бокс федерациясы

Бұл жолы қазақстандық қыздар бақ сынайды.

Алуа Балқыбекова 50 келіге дейінгі салмақта ринг иесі Раксат Чутхаматпен қолғап түйістіреді.

Сондай-ақ, Ұлжан Сәрсенбек 57 келіге дейінгі салмақта украиналық Карина Вовкпен айқасқа түседі.

Бокстан жекпе-жектер сағат 12.00-де басталады. Тікелей эфир: ASBC Youtube.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында жарыс басталмай жатып Қазақстанның 6 медальға қол жеткізгенін жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, қазақстандық екі боксшы Азия чемпионатын жеңіспен бастады.

Соңғы жаңалықтар