Бокстан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан алтыннан алқа тақты
АСТАНА. KAZINFORM — Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Гүлсая Ержан жеңімпаз атанды.

Жартылай финалда өзбекстандық Сохиба Рузметовадан айласын асырған Гүлсая соңғы бәсекеде Украина өкілі Карине Айрапетянмен рингке шықты.
Бірінші раундта төрешілердің шешімі бойынша Г.Ержан 5:0 есебімен алға шықты.
Екінші және үшінші кезеңде Гүлсая алған бағытынан танбады — 5:0. Қорытынды нәтиже — 5:0.
Осылайша, бокстан Азия біріншілігінде Қазақстан қоржынына төрт алтын медаль түсті.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан қазақстандық Виктория Графееваның бокстан Азия чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ бокстан Азия чемпионатында Аида Әбікеева алтын алды.
Бокстан Азия чемпионатында Наталья Богданова Қазақстанға үшінші алтынды әперді.