Бокстан Қазақстан мен Куба боксшылары бірлесіп жаттығып жатыр
Бокстан Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Куба боксшылары Қарағанды қаласында бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, деп хабарлайды Kazinform ҚБФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Куба боксшылары желтоқсан айының басында Қазақстанға келген 9 былғары қолғап шеберінің арасында әлем чемпионатының және Панамерикалық чемпионаттарының финалистері, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпаздары мен жүлдегерлері бар. Оларды екі жаттықтырушы бастап келген. Басты мақсат – Қазақстан боксшыларымен бірлескен оқу-жаттығу жиынына және Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнирге қатысу.
Екі ел боксшылары 16 желтоқсанға дейін бірлескен оқу-жаттығу жиынын өткізбек.
Ал 17 желтоқсанда Қарағандыда Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған ХХХІХ халықаралық турнир басталады. Ерлер мен әйелдер арасындағы үздіктер 21 желтоқсанда анықталады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram