Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Әзербайжанға аттанады
АСТАНА. KAZINFORM - Бокстан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 27 қыркүйек - 6 қазан аралығында Әзербайжанның Евлах қаласында өтетін ТМД елдерінің ойындарына қатысады.
Аға жаттықтырушы Айбек Әбілда қыздар құрамасында Диана Айтбаева (46 келі), Асылай Мұрат (48 келі), Аружан Бахтыбек (50 келі), Аружан Тіллабай (52 келі), Аделаида Сәдуақасова (54 келі), Балым Ғабитқызы (57 келі), Жасмин Абрамян (60 келі), Мәдина Нұрманова (63 келі), Диляра Тұрсынбек (66 келі) сынды спортшыларға сенім артып отыр.
Ұлдар құрамасында Аңсар Үсенхан (46 келі), Қорғанбек Балтин (48 келі), Аслан Жеңіспаев (50 келі), Едіге Нұрқожа (52 келі), Жалғас Апбаз (54 келі), Ұлас Әлімжан (57 келі), Ислам Сулейменоглы (60 келі), Алдияр Баяндинов (63 келі), Әмір Рамазан (66 келі), Дарын Төлеген (70 келі), Төреғали Сейдуллаев (75 келі), Бауыржан Алиакбар (80 келі), Еркетаң Жарқынбек (80 келіден жоғары) бар. Құраманың аға жаттықтырушысы - Бағдат Оңғарбеков.