Бокстан «Странджа» кубогі: Бүгін қазақстандық үш боксшы рингке шығады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан бокстан халықаралық «Странджа-2023» турнирінде 24 ақпанда қазақстандық 3 спортшы шаршы алаңға шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Жарыстың аталған сатысында Оразбек Асылқұлов (57 келі), Нұрқанат Райыс (75 келі) және Бекзад Нұрдәулетов (80 келі) шаршы алаңға шығады.

Олардың барлығы елорда уақытымен 22:00-де басталатын кешкі ссесияда жекпе-жектерін өткізеді.

Айта кетерлігі, барлығы өзбекстандық қарсыластарымен шеберлік байқасады.

Айта кетсек, Оразбек Асылқұлов Абдумалик Халоковпен, Нұрқанат Райыс (75 келі) Алохон Абдуллаевпен, Бекзад Нұрдәулетов (80 келі) Джасурбек Юлдошевпен шаршы алаңға шығады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Оразбек Асылқұлов (57 келі) бразилиялық Луис Оливейраның осал тұсын тапса, Бекзад Нұрдәулетов (80 келі) сербиялық Артем Агеевті тізе бүктірді.

Ал Нұрқанат Райыс австралиялық Доминик Молинароны тізе бүктірді.

Аталған турнирге ел құрамасынан барлығы 13 боксшы барған еді.

Фото: Getty Images
Соңғы жаңалықтар