12:34, 27 Сәуір 2026 | GMT +5
«Болашақ» бағдарламасына қандай өзгерістер енгізіледі
АСТАНА. KAZINFORM — Экономикаға қажетті салаларға басымдық берілмек. Бұл жөнінде ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлімдеді.
Оның сөзінше, қазір «Болашақ» бағдарламасын трансформациялау жүріп жатыр.
— Экономиканың басым бағыттарына керекті мамандар даярлауға бетбұрыс басталды. Алдыңғы жылдары қабылданған шешімдерге сай, жасанды интеллектіге жылына 100, ал атом энергетикасына жылына 20 стипендия бөлінеді. Ең негізгі 15 шақты бағыт қана қалады. Ал өзге мамандықтарды жыл сайын ақырындап қысқартып жатырмыз, — деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін «Болашақ» бағдарламасымен оқу үшін ҚАЗТЕСТ талаптары қиындайтынын жазғанбыз.