«Болашақ» шахтасындағы оқиғадан соң қылмыстық іс қозғалды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – «Болашақ» шахтасындағы төтенше оқиғадан соң полиция қылмыстық іс қозғады. Ал дәрігерлер кеншілердің бірі жансақтау бөлімінде жатқанын хабарлады.

Хромтау ауданындағы оқиғадан соң полиция тергеуді бастап кетті.
- «Қазхром ТҰК» АҚ Дөң тау-кен байыту комбинатында сутегін шашылып, салдарынан термиялық күйікпен 4 адам ауруханаға жеткізілді. Полиция тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық істі тіркеді, - деді Асауп Бауыржан ПД Тергеу басқармасының бастығы.
Қазір зардап шеккен кеншілер Хромтау аудандық ауруханасына жеткізілді.
- Ауруханаға 4 жұмысшы жеткізілді. Олардың екеуі травматология бөлімінде жатыр. Ал біреуі үйіне жіберілді. Тағы бір жұмысшы жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр,- деді Хромтау аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Людмила Волненко.
Еске салсақ, бүгін Хромтау ауданындағы «Болашақ» шахтасында қысқа мерзімді тұйықталу болып, 4 жұмысшыны күйік шалды. Қазіргі кезде осы шахтада кен өндіру жұмыстары тоқтатылды.