Болгарияда танымал журналистің жұмыстан шығарылуының соңы наразылыққа ұласты

АСТАНА. KAZINFORM — Болгариялық bTV телеарнасы танымал журналист, таңғы шоу жүргізушісі Мария Цанцарованы жұмыстан шығарғанын мәлімдеді. Осы жаңалықты естіген халық София көшелерінде наразылық шеруін ұйымдастырды, деп хабарлайды БТА.

Болгария, журналист
Фото: Detector.media

Арна бұл шешімді оның эфирдегі саяси бейтарапсыздығы, басшысына редакциялық қысым жасау және сұхбаттарды ұзаққа созу арқылы эфир кестесін бұзу әрекетімен түсіндірді. Бұлар кәсіби стандарттарды бұзу деп бағаланып, Цанцароваға басқа прайм-тайм бағдарламаларда жетекші рөл ұсынылғаны айтылды.

Жұмыстан шығарылу туралы хабардан кейін Софияда наразылық митингілері өтті. Өткен жұмада тұрғындар журналистерге қолдау көрсету үшін AEJ-Болгария ұйымдастырған акцияда Мария Цанцарова мен әріптесі Златимир Йочевті қорғау мақсатында жиналды. Дүйсенбіде AEJ-Болгария «кофе ішу арқылы наразылық кездесуін» өткізуді жариялады, қатысушылардан саяси ұрансыз, кәсіби тұрғыда қолдау көрсету талап етілді.

Бұл оқиға Болгариядағы БАҚ еркіндігіне қатысты алаңдаушылықты көрсетеді. Биылғы халықаралық миссия елде журналистерге қысым көрсетіліп, редакциялық тәуелсіздікке қауіп төндіріліп және SLAPP шағымдары арқылы қысым жасау фактілері болғанын атап өтті. Сондай-ақ Болгария «Репортеры без границ» ұйымының БАҚ еркіндігі индексінде 59-орыннан 70-орынға төмендеген.

Еске сала кетсек, Премьер-министрдің орынбасары — Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева елімізде ешқандай журналистің кәсіби қызметі үшін қудалауға ұшырамайтынын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар