Бонн қаласында ІІІ Қазақстан-Герман жастар форумы өтті
Бұл екіжақты ынтымақтастықтың жарқын үлгісі болды. Қазақстан мен Германияның ынтымақтастығы үшін әлеует мол: 575 мың неміс диаспорасы, Повольжедегі неміс тарихы, көптеген неміс білім жобалары, BdP және Қазақстандағы Скаут қозғалысы, сыртқы саясатта ешқандай проблемалардың болмауы - бұлардың бәрі көпқырлы ынтымақтастыққа жол ашады.
Бұл форум Қазақстан мен Германия жастары ынтымақтастығының жаңа дәуірін ашты деуге болады. Алғаш рет қазақстандық делегация атынан ҚР Білім және министрлігінің Жастар ісі комитеті, делегация жетекшісі - комитет төрағасының орынбасары Қуаыш Асылов қатысты.
Сондай-ақ делегация құрамында өңірлік жастармен жұмыс басқармаларының (Солтүстік Қазақстан облысы, Қызылорда облысы, Астана қаласы), жетекші жастар ұйымдарының (Азаматтық альянс, Жас Отан, Жасыл Ел, Қазақстан жастары конгресі) басшылары, ҚР Президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңес мүшелері және басқалары қатысты.
Германия тарапынан Федералдық отбасы, қарт адамдар, әйелдер мен жастар министрлігінің, жастармен әлеуметтік мекемелердің федералдық евангелистік жұмыс тобының, Германия жастар ұйымының өкілдері болды.
Шара аясында жастар саясаты саласындағы институциональдық ынтымақтастық, жастар ұйымдарының ынтымақтастығы және нақты жобалар қаралды, тараптар қол қойған қорытынды құжатқа енгізілген ұсыныстар қабылданды.
Форум жұмысының қорытындысы жөнінде Қуаныш Асылов қазақстандық жастар ұйымдарының таныстырған жобалары неміс әріптестерінің қызығушылығын туғызғанын атап өтті және мемлекеттік жастар саясаты саласындағы белсенді ынтымақтастыққа ұмтылыстарын білдірді.