Бопсалау, тонау, алаяқтық: Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM - Қарағанды облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратураның көмегімен бірқатар ауыр қылмыстар жасаған қылмыстық топ қкілдерін ұстады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Преступление Қылмыс задержания ұсталды МВД РК ҚР ІІМ полиция
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

- Оларға қатысты бопсалау, тонау, алаяқтық және қаруды заңсыз сақтаудың 18 эпизоды бойынша тергеу жүргізілуде. Аталған қылмыстық істер бойынша жәбірленушілерге келтірілген жалпы залал 26 млн теңгеден асады. Тінту шаралары барысында күдіктілерден бірнеше атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген оқ-дәрілер тәркіленді. Қылмыстық топтың барлық мүшелері ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың басқа да ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. «Заң және тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету министрліктің ерекше бақылауында, - деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Осыған дейін қазақстандықтарды алдап келген трансұлттық қылмыстық топтың Арменияда ұсталғаны туралы жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар