«Боралдай сақ қорғандары» археологиялық кешені көпшілікке таныстырылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Visit Almaty туристік орталығы  «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық кешенін таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ашық аспан астындағы археологиялық парк «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы аясында ұйымдастырылған.

Қазіргі Алматы орналасқан жердің тарихы 28 000 жылдан асады. Климатының жайлы, топырағының құнарлы және суының мол болуының арқасында бұл жер ешқашанда бос жатпаған. Бұған археологиялық қазбалар барысында табылған көптеген заттар дәлел. Шамамен б.з. дейінгі Х ғасырдан бастап бұл жерде ірі көшпелі тайпалар - сақтар пайда болған, кейіннен бұларды үйсіндер алмастырды.

null 

Боралдай аймағында ежелгі сақтардың қорымдары мен бұрынғы тұрғын жайлары жиі кездеседі.

Боралдай сақ қорғандары - Алматы аумағында ерте темір ғасырынан сақталған жалғыз ескерткіш. Ол қаланың Алатау ауданында, Үлкен Алматы мен Боралдай өзендерінің арасында, әуежайға жақын жерде орналасқан. Мұнда көне қорым бар, оның тарихы екі жарым мың жылдан асып жығылады. Археологиялық кешен 47 сақ және үйсін қорғандарынан тұрады. Олардың ең үлкенінің биіктігі 14 метр, ал диаметрі 100 метрден асады.

null 

Бұрынғы сақ тайпасының өмірі жаңғыртылған «Боралдай сақ қорғандары» паркінде  екі басты нысан - ортасынан жарылған қорған мен ежелгі сақ тұрғын үйінің макетін көруге болады.

Келушілер уақытты анықтау үшін қолданылған күн сағатты және қайта құрылған тоқыма станогын тамашалайды.
null 

«Ашық аспан астындағы «Боралдай сақ қорғандары» археологиялық кешені - маңызды тарихи ескерткіш. Бұл туралы ұзақ жылдар бойы беймәлім болып келді. Бірегей ескерткіш  2006 жылы 3D картаны модельдеу үшін аэротүсірілім кезінде ашылған еді. Қазіргі сәтте ол Алматы мен Алматы агломерациясының туристік нысандарының бірыңғай тізіліміне кірді.  Алматыда 30 000-нан астам тарихи ескерткіш бар. Бұл архитектуралық ескерткіштің тарихи құндылығы ішкі және шетелдік туристерді өзіне тартады»,  - деді VisitAlmaty орталығының директоры Кәмила Лұқпанова.
null 

Сарапшылар ол жерге құрылыстар салынбай, қирамай ескерткіштің осы күнге дейін өзінің мәдени және табиғи ландшафтын сақтағанын атап көрсеткен.

Таяуда «Боралдай сақ қорғандары» Қазақстанның жалпыұлттық қасиетті нысандарының тізіміне енді.
null null null 

Сонымен қатар, археологиялық кешенді ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұра нысандары тізіміне енгізу жөнінде ұсыныс беру көзделіп отыр.

Соңғы жаңалықтар