«Боруссия Дортмунд» Чемпиондар лигасының екі турында он гол соқты

АСТАНА. KAZINFORM – UEFA Чемпиондар лигасының екінші турының алғашқы ойын күні өтті.

Боруссия Дортмунд / Getty Images
Фото: Боруссия Дортмунд / Getty Images

Германияның «Боруссия Дортмунд» командасы өз алаңында Шотландияның «Селтигін» 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Осылайша неміс клубы екі ойында он гол соғып, турнир кестесінде бірінші орында келеді.

Сондай-ақ Испанияның «Барселонасы» өз алаңында Швейцарияның «Янг Бойзын» 5:0 есебімен тізе бүктірсе, Англияның «Манчестер Сити» клубы Словакияның «Слован Братислава» командасынан 4:0 есебімен басым түсті.

Ал англиялық «Арсенал» Францияның ПСЖ командасын 2:0, Италияның «Интері» сербиялық «Црвена Звезданы», Францияның «Бресті» аустриялық «Ред Булл Зальцбургті» 4:0, Германияның «Байері» Италияның «Миланын» 1:0 есебімен жеңді.

Аталған турда «Штутгарт» (Германия) мен «Спарта Прага» (Чехия), ПСВ (Нидерланд) мен «Спортинг Лиссабон» (Португалия) 1:1 есебіне қанағат білдірді.
https://kaz.inform.kz/news/bugn-uefa-chempiondar-ligasinin-eknsh-turi-bastaladi-a6b290/

Айта кетсек, 2 қазанда аталған турнирдің екінші ойын күні жалғасады. Бұл күні «Шахгер Донецк» (Украина) пен «Аталанта» (Италия), «Жирона» (Испанияя) мен «Фейеноорд» (Нидерланд), «Астон Вилла» (Англия) мен «Бавария» (Германия), «Ливерпуль» (Англия) мен «Болонья» (Италия), «Бенфика» (Португалия) мен «Атлетико Мадрид» (Испания), «Динамо Загреб» (Хорватия) пен «Монако» (Франция), «Лилль» (Франция) мен «Реал Мадрид» (Испания), «Лейпциг» (Германия) пен «Ювентус» (Италия), «Штурм» (Австрия) мен «Брюгге» (Бельгия) ойнайды.

Соңғы жаңалықтар