Бойжеткен итіне қояншығы ұстаған кезде алғашқы көмек көрсетуді үйреткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ютубке салынған Дженай есімді қыздың иті Кольттың кенеттен қояншық ұстаған кезде алғашқы көмекті қалай көрсеткендігі жайлы видеоролигі кеңінен танымал болды.
Бірнеше жыл бұрын Дженай миынан ауыр жарақаттанған. Содан бері оқтын-оқтында қояншығы ұстап қалатын жағдайға ұшырады.
Бақытқа орай, қашанда оның жанынан Колт деп атаған иті табылатын.
Кольт күн сайын жаттығады. Атап айтқанда, Дженай қояншығы ұстаған сәтті видеоға түсірген. Ондай кезде ит жастықтың рөлін атқарады. Өйткені миы жарақат алған қыздың басын жерге соғуына болмайды. Ондайда өліп те кетуі ықтимал.
«Видеода мен басыммен соққылаған жоқпын. Мен кезекті рет Кольттің қалай көмектесетіндігін көз жеткізу үшін, әдейін қояншығым ұстағандай қимыл жасадым. Ол ұдайы мені айналып жағдайым қалыпты ма, соны тексереді», дейді Дженай.
Бейнежазба Ютюбте лезде миллионнан астам көрілім жинады.