Бір айда 100-ден аса дрон: Десанттық-шабуылдау әскерлерінде өндіріс дамып келеді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту бағытында тұрақты ілгерілеу байқалады, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

дрон өндірісі
Фото: Қорғаныс министрлігі

Бүгінде дрондарды жинақтау, баптау, сынақтан өткізу және оларды әскер бөлімдеріне тапсырудың толық циклі жолға қойылған. Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бөлімшелері Десанттық-шабуылдау әскерлері құрамында екі жыл бұрын құрылған.

дрон өндірісі
Фото: Қорғаныс министрлігі

— Осы уақыт ішінде әскери қызметшілер дрондарды практикалық қолдануды меңгеріп қана қоймай, оларды өз күшімен жинақтау мен жөндеу жұмыстарын да жолға қойды. Бұл әскердің ішкі қажеттіліктерінің едәуір бөлігін өз бетімен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Дрондарды жасау, жинау және жөндеу шеберханасы 2025 жылдың желтоқсанында жұмысын бастады. Онда арнайы дайындықтан өткен келісімшарт негізіндегі әскери қызметшілер қызмет етеді. Жақында мұнда жүзінші ұшқышсыз ұшу аппараты құрастырылды, — делінген хабарламада.

Барлық дрон міндетті түрде бақылау сынақтарынан өткізіліп, кейін әскери бөлімдерге тапсырылады. Мамандардың айтуынша, бұл бағытты дамыту қазіргі заманғы соғыс жүргізу талаптарынан туындап отыр. Қазіргі қарулы қақтығыстарды талдау ұшқышсыз аппараттардың барлау, атысты түзету және бөлімшелерді басқарудағы рөлінің артқанын көрсетеді.

Бір айда 100-ден астам дрон: Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ҰҰА өндірісі дамып келеді
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Биыл Десанттық-шабуылдау әскерлерінің оқу орталығы базасында ҰҰА операторларын даярлау басталады. Оқытуды арнайы курстардан өткен, әртүрлі үлгідегі дрондарды қолдану тәжірибесі бар нұсқаушылар жүргізеді. Ұшқышсыз авиациялық жүйелер бөлімшелері «Десант-2025» оқу-жаттығулары барысында алғашқы «жауынгерлік сынақтан» өтті. Олар әуе барлауын жүргізіп, авиация мен артиллерияның атысын түзетті, соққы беруге қатысып, бөлімшелерді нақты уақыт режимінде басқаруды қамтамасыз етті.

100 дронов за месяц: в десантно-штурмовых войсках РК развивают производство БПЛА
Фото: Қорғаныс министрлігі

Қазір Десанттық-шабуылдау әскерлерінің қару-жарағында отандық және шетелдік өндірістегі тактикалық ұшқышсыз авиациялық жүйелер бар. Бұл бағытты одан әрі дамыту, жаңғырту және жетілдіру жұмыстары жоспарлы түрде жалғасып келеді.

Осыдан бұрын қазақстандық саперлер Голан жотасында 1200-ден аса жарылғыш затты жойғанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар