Бір миллиард жас есту қабілетінен айырылуы мүмкін

АСТАНА.KAZINFORM —  ДДҰ болжамы бойынша, 2050 жылға қарай шамамен 2,5 миллиард адам әртүрлі есту мәселелеріне тап болады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Бір миллиард жас есту қабілетінен айырылуы мүмкін
Фото: freepik

ДДҰ-ның Ресейдегі өкілдігінің басшысы Батыр Бердіклычевтің айтуынша, қазіргі уақытта 1 миллиардтан астам жас музыканы дұрыс тыңдамау әдеті салдарынан есту қабілетінен айырылу қаупінде тұр.

— Өте алаңдатарлық жағдай, 1 миллиардтан астам жас аудионы дұрыс тыңдамағанның кесірінен есту қабілетінен айырылу қаупі төніп тұр, ал бұл қауіптің алдын алуға болады, — деді ол.

Оның айтуынша, 2050 жылға қарай жастардың шамамен 2,5 миллиарды әртүрлі есту бұзылыстарына ұшырауы мүмкін, ал олардың кемінде 700 миллионына есту қабілетін қалпына келтіру үшін арнайы оңалту қажет болады.

Есту қабілетінің жоғалуына басты себептердің бірі — тым қатты дыбыстардың әсері, бұл есту жасушаларының зақымдануына әкелуі мүмкін. Алайда, есту қабілетін жоғалтудың 60%-дан астам жағдайының алдын алуға болады, егер дер кезінде тиісті шаралар қолданылса. Ең тиімді алдын алу шарасы — дыбысты қауіпсіз деңгейде тыңдау ережелерін сақтау.

Музыканы қауіпсіз тыңдауға арналған арнайы дыбыс деңгейі нормалары бар, бірақ көптеген жастар бұл талаптарды елемейді. Бұл өз кезегінде есту қабілетін жоғалту қаупін арттырады. Бүгінгі таңда әлем халқының шамамен 5%-ы есту қабілетінің жоғалуынан мүгедектікке ұшырап отыр.

Айта кетелік денсаулық саласындағы деректі жинау және сақтау жүйесі жетілдірілмек.

 

Соңғы жаңалықтар