«Браконьер» операциясының барысында Ақтөбеде 3 мың келі балық тәркіленді

АҚТӨБЕ. Қазанның  30-ы.  ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Көліктегі Батыс Ішкі істер  департаментінің  қызметкерлері  қазанның 19-28-і аралығында  өткізген  «Браконьер» операциясының барысында 3 мың келідей     балық   және  145 өзен   шаянын  тәркіледі.    Балық өнімдерін заңсыз  алып өтудің   15 фактісі тіркелді.
None
None

Операция  барысында полицейлер    Орал-Каспий  алабына  жататын  батыс аймақтың  облыс орталықтарына  баратын  жолдарды  және   пойыздарды тексерді.

Көліктегі Батыс Ішкі істер  департаментінің  баспасөз  қызметінің ақпараты  бойынша,   операция    қорытындысы  бойынша   табиғатты қорғау  заңнамасын   бұзудың отызға жуық   фактісі анықталды,  оның үшеуі - ағашты заңсыз  кесу,   төртеуі -  заңсыз  аң аулау  және  аң аулау  ережесін  бұзу,  үшеуі -   су жануарларын  заңсыз  аулау   және  балық шаруашылығы  ережелерін бұзу,  тоғызы -  биологиялық ресурстарды заңсыз      сатып алу  фактілері. 

Соңғы жаңалықтар